№155 «Таңшолпан» бөбекжай балабақшасы тарихы.
Алматы қаласы №155 «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасы 2006жылы ашылған. 2010жылы мекеме Мемлекеттік аттестациядан өтіп жоғары бағаға ие болды.
Балабақшада 6 топ жұмыс істейді. Оқу қызметі, тәрбиелік жұмыстар қазақ тілінде жүргізіледі. Балабақша бүлдіршіндері болашақта ата-дәстүрін сақтайтын инабатты да ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Балабақшадағы оқу қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын негізге ала отырып, «Балбөбек», «Мектепке дейінгі жалпы білім беру» бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары мен «Бейімделген» бағдарламалар да қосымша жүзеге асырылады. Балабақшаның алдына қойған мақсаттары мыналар:
- Балаларға бақытты балалық шақтың шаттығын сезіндіру.
- Балаларды өз Отанын сүйетін, елін, жерін, отбасын құрметтейтін патриоттық сезімге бай жеткіншек тәрбиелеу.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыруда баланың толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдай жасау.
- Мектепке балаларды саналы дайындықпен жіберу.
Балабақша ұжымында бала тәрбиелеудегі тәжірибелі мол, жоғарғы санатты ұстаздар еңбек етеді, олар ата-аналар алғысына әрқашанда бөленуде.
Мекемені тәжірибелі ұстаз, іскер басшы Алимбекова Мақпал Балтабекқызы басқарады. Балабақшаның негізгі міндеттері – жандары нәзік балаларды адамзатқа жат құбылыстардан қорғап, олардың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіре отырып адамгершілікке баулуға бар күш-қайраттарын жұмсау. Ұлт тағдырын елін, жерін сүю, Отаншылдық сезімдерді қалыптастыру балабақшада ертегілер, ұлттық ойындар арқылы беріледі. Бүгінгі басты бағдар – білім беріп, ұрпақ білімділігі мен қабілеттілігін дамыта ынталандырып, өскелең ұрпақты Отан сүйгіштік пен ұлттық рухта тәрбиелеу болмақ.
Балабақша ауласы түрлі гүлдерге толып, әртүрлі ағаштар отырғызылған, әсем көгалдандырылған. Балабақша «Гүлістан» бірлестік қоғамымен 2006 жылдан бері бірігіп жұмыс істеп келеді. Соның арқасында, 2008жылы қала бойынша «үздік аула» байқауында жүлделі орынға ие болды. Бағалы сыйлықтар алып, Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар республикалық, қалалық, аудандық мерекелік іс-шараларға үзбей қатысып, алғысқа ие болуда.
Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Баланың иманды, қайырымды азамат болып ер жетуіне балабақша ұжымы мен ата-аналар бірігіп үлес қосып келеді.